Академиялық ұтқырлық – мүмкіндіктер алаңы

ХХІ ғасыр – динамикалық дамып келе жатқан заман келбеті. Қоғамдағы кез келген саланы қарасаңыз, жыл сайын жаңа технологиялар мен жаңа техникалық әдістерді пайдалану арқылы өз мүмкіндіктерін кеңейту үстінде. Білім беру саласы да кенже қалған жоқ. Кредиттік оқу жүйесінің басты қағидатының бірі болып табылатын академиялық ұтқырлық арқылы А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарында, сонымен қатар халықаралық байланысты дамыту бағытында жасалынған келісімшарттар негізінде әлемнің бір қатар университеттерінде білім алуға мүмкіндіктері бар. Оқу орнымызда академиялық ұтқырлық бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде анығырақ білу үшін, академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс жөніндегі үйлестіруші Айгүл Сандыбаевамен әңгімелескен едік.

            – Айгүл Талғатқызы жалпы академиялық ұтқырлықтың не екенін түсіндіріп берсеңіз.

Академиялық ұтқырлық дегеніміз студенттің бір семестрге немесе бір оқу жылына оқып жүрген мамандығы бойынша Қазақстандағы немесе шетелдегі жоғары оқу орнына барып, білімін жалғастыру. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы жастардың танымдық өрісін кеңейтіп, оқу барысында жаңа тәжірибе жинақтауға септігін тигізеді. Оқып жүрген мамандығы бойынша  жаңа білім алып, сол саладағы профессор-оқытушылардың тың идеяларымен таныса алады. «Ақылды көп жасағаннан сұрама,  көп көргеннен сұра», – демекші студенттің ой өрісі өсіп, өмірлік көзқарасы қалыптасады.

  • Біздің институт отандық және шетелдік қанша оқу орнымен байланыс жасайды? ЕАГИ-дің серіктестеріне кеңінен тоқталсаңыз.

Еуразия гуманитарлық институты бүгінгі таңда еліміздің 22 жоғары оқу орнымен, шетелдік 18 оқу орнымен келісімшарт жасасып, академиялық ұтқырлық бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыруда. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тек бір жыл ішінде институтымыздың 34 студенті сырттағы оқу орындарында білім алса, басқа оқу орындарында оқып жүрген 10 студент ЕАГИ-ге келді. Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қаласы), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Тұран Университеті (Алматы), Тұран-Астана Университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты және т.б. еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары ЕАГИ-дің серіктестері болып табылады.

Халықаралық байланыс орнату – білім кеңістігін кеңейту. Еуразия гуманитарлық институты білім саласындағы халықаралық байланысқа есігін айқара ашып, шетелдің бір қатар жоғары оқу орындарымен серіктес болды. Атап айтатын болсақ, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Баку қаласындағы Еуразия институты (Әзірбайжан),  Максим Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті (Беларусь Республикасы), Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Карабюк Университеті (Түркия) және т.б. 2017 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде ЕАГИ-дің екі студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.

  • Институтымызға шетелдік оқу орындарынан дәріс оқуға келген ғалымдарға тоқталсаңыз.

Академиялық ұтқырлық профессор-оқытушылар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашты. Еуразия гуманитарлық институтының студенттерін шетелдік тәжірибемен таныстыру мақсатында институтқа дәріс оқу үшін шетелдік профессорлар шақырылды. Карабюк Университетінен (Түркия) қауымдастырылған профессор, PhD Энвер Капаған, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінен э.ғ.д., доцент Т.Д.Синявец, П.Г.Демидов атындағы Ярославль мемлекеттік университетінен психология ғылымдарының докторы, профессор В.В.Козлов ЕАГИ студенттеріне арнап дәрістерін оқыды. Сонымен қатар еліміздің де ғалымдары институтқа шақыртылып, білім алушылардың танымдық қорын молайтты. Сонымен қатар, біздің институттың оқытушылары да басқа университеттердің шақыртуы бойынша сонда барып, дәрістер жүргізіп келеді.

  • Айгүл Талғатқызы ұтқырлықтың ұтымды тұстарынан маңызды ақпараттар бергеніңізге рахмет. Қызметіңізде сәттіліктер болсын!

Академиялық ұтқырлық – бүгінгі күннің сұранысы, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолындағы тәжірибе жинақтаудың ұтымды құралы. Ұтқырлық аясында өзге оқу орындарында оқып келген және бізге оқуға келген студенттердің де пікірлеріне назар аударсақ.

Акбаев Нұрболат («Тарих» мамандығы, 2-курс студенті): Мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіне бір семестрге оқуға бардым. Мен үшін академиялық ұтқырлық бойынша білім алу – жаңашылдыққа аяқ басу деген сөз.

Әкіміш Дина, Есинбекова Мулькарат (специальность «Педагогика и методика начального образования», 2 курс): Благодаря академической мобильности мы получили отличную возможность познакомиться с культурой и системой образования другого города, вуза, завести новых друзей и приобрести бесценный опыт. Мы прошли обучение на весеннем семестре 2017 года в КазНПУ имени Абая. Академическая мобильность для нас это – пополнение самой прекрасной поры человека – студенческой жизни – самыми насыщенными, интересными событиями, наша жизнь стала увлеченной и очень активной в творческом плане.

Әйтіміш Ақбота, Нұрбаева Ляйля («Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 3-курс студенттері): Біз Сыр өңіріндегі білімнің қара шаңырағы болып табылатын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде бір семестр бойы білім алдық. Біз үшін академиялық ұтқырлық бойынша білім алу – болашақ маман ретінде қалыптасу жолындағы таптырмас тәжірибе жинақтау.

Қалышбекова Нұрай («Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 2-курс студенті): Мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қаламыздағы беделді оқу орындарының бірі Тұран-Астана Университетінде бір семестр бойы білім алдым. Мен үшін академиялық ұтқырлық бойынша білім алу – өз күшімді сынау, кез келген білім алаңында білімімді дәлелдей білу.

Огай Лариса («Педагогика и психология», 2 курс): Во втором семестре моего 2-го курса я обучалась в Омском государственном педагогическом университете.   Я получила новые знания в сфере социального педагога, инклюзивного образования и взаимодействия педагогов и обучающихся. Для меня обучаться по программе академической мобильности это – открыть для себя весь мир. В будущем я хочу посетить и другие страны по этой программе.

Каиржанова Даулет («Юриспруденция», 3 курс):  Я прошел обучение в Павлодарском государственном университет им С. Торайгырова. Павлодар – моя малая родина, я люблю этот город и очень рад возможности узнать его и в роли студента. Для меня академияческая мобильность – это познание нового и чувчтво уверенности в себе.

Балабекова Бибатима («Переводческое дело», 2-курс): Я прошла обучение по академической мобильности в городе Кокшетау в государственном университете им. Шокана Уалиханова. Для меня академическая мобильность – это возможность расширить свой кругозор, получить уникальный опыт обучения в высшем учебном заведении другого города. Все это позволит не только обрести новых друзей и получить огромное количество впечатлений, но и повысить свою конкурентоспособность в будущем.

Амри Айзара («Переводческое дело» 2-курс): Я, студентка Павлодарского государственного университета, приехала по академической мобильности в Евразийский гуманитарный институт. Обучаться по академической мобильность – это получить хорошие знания в одном из лучших вузов в столице нашей страны.

Абельдинова Раушан («Переводческое дело», 3 курс): Я студентка Павлодарского государственного университета имени С.Торайгырова. Академическая мобильность – уникальная возможность пройти обучение в столичном вузе и получить бесценный опыт.

Каркен Акнур («Қаржы» мамандығы, 3-курс): Мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтына Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен оқуға келдім. ЕАГИ – білімі терең, өзіндік дәстүрі бар Астанадағы беделді оқу орны. ЕАГИ-дің студенті болғанына мақтанамын.

 Сұхбаттасқан:

Аймерей Полат

ҚТ-24-01 бөлімінің студенті