2021 жылғы түлектерге дипломдарды онлайн тапсыру салтанаты

7 шілдеде Еуразия гуманитарлық институтында 2021 жылғы түлектерге дипломдарды онлайн-тапсыру рәсімі өтті.

Түлектер мен ата-аналарды ректордың м.а., тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. Ә. Ахметов құттықтады. Өз сөзінде Қадыр Әбілжанұлы түлектерге денсаулық, еңбек жолында табыс және отбасылық бақыт тіледі. Сондай-ақ кешегі студенттерді тәрбие ісі жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Я. Н. Оспанова, білім беру үдерісінің сапа мониторингі бөлімінің бастығы Б. Т. Байльденов, заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қ. Ыдырысов құттықтады. кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л. В. Волкова, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л. Н. Дауренбекова, педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н. Т. Нығыманова, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі, доцент Б. Б. Мажитова құттықтады.

Түлектерден алғыс айтылды: Қабыл Айгерім – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының түлегі, «Асыл жүрек» еріктілер клубының жетекшісі, «Әлеуметтік студенттік несие» бағдарламасының еріктісі, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін 2021 жылғы Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының III дәрежелі диплом иегері; Шәкенова Айнұр – «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының түлегі, халықаралық конкурстардың, олимпиадалардың, студенттік ғылыми жобалардың жүлдегері, Стамбул қаласында (Түркия) өткен «Urfodu» ағылшын тілі бойынша Халықаралық олимпиаданың I дәрежелі диплом иегері, «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2021» студенттер мен магистранттардың республикалық ғылыми онлайн-конференциясының II дәрежелі диплом иегері; Ыбырайым Гүлпадиша – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының түлегі, оқу озаты, Мевлан халықаралық бағдарламасы стипендиясының иегері; Қалымжанова Әсел – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының түлегі, үздік диплом иегері, Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының стипендиаты, ғылыми мақалалардың авторы және «ProBono» заң қозғалысының қатысушысы, «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың заманауи мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының және «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2021» студенттер мен магистранттардың Республикалық ғылыми конференциясының І дәрежелі диплом иегері; Сейдихан Альмира –«Қаржы» білім беру бағдарламасының түлегі, студенттік ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жүлдегері, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарының «Үздік инновациялық start-up жобасы» номинациясының жеңімпазы, «Bilim-órkenieti» ұлттық

инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы өткізетін «Үздік ғылыми жоба – 2020» I дәрежелі дипломының, сондай-ақ Красноярск (РФ) қаласындағы «Солнечный свет» халықаралық интернет-олимпиадасының I дәрежелі дипломының иегері, «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген 2021 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының жеңімпазы; Утеулина Айдана – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының түлегі, оқу үздігі; Ильченко Любовь – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының түлегі, оқу үздігі, Орел қаласында (РФ) өткен «Жастар ғылымы: білім беру психологиясы мен педагогикасы мәселелеріне жаңа көзқарас» ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсының жеңімпазы.

Түлектер институт ұжымына, сондай-ақ өздерінің тәлімгерлеріне үлкен алғыстарын білдіріп, ЖОО қабырғасында алған теориялық білімдерін өздерінің кәсіби қызметінде кеңінен қолдануға уәде берді.

Түлектер атына музыкалық құттықтаулар айтылды: «Хан-би» ансамблінің халық биі, елорданың жетекші саксофонистерінің бірі Евгений Ботниковтың орындауындағы саксофонның сиқырлы дыбыстары, сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдызы Иса Ауғантайдың орындауындағы әндер!

2021 жылғы түлектерге ақ жол тілейміз!