2022 жылғы ЕАГИ түлектеріне диплом тапсыру рәсімі

1-5 шілде аралығында Еуразия гуманитарлық институтында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Тарих», «Педагогика және психология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі», «Қаржы», «Құқықтану» күндізгі оқу және қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып күндізгі оқу нысаны білім беру бағдарламаларының түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шараға түлектердің өзінен басқа олардың ата-аналары мен достары келді.

Ректордың м.а., психология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ж. Исмаилов, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметов және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Я.Н. Оспанова түлектерді осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтады.

Сондай-ақ кешегі студенттерге заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.З. Ыдырысов, педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Т. Нығыманова, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Г.Д. Тәжбенова, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.В. Волкова және қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н. Дауренбекова құттықтау сөздер айтты.

Диплом тапсыру рәсімін институттың Жастар ісі жөніндегі комитеті дайындаған жарқын концерт жалғастырды. Түлектер институт ұжымына алған білімі мен тәжірибесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.

2022 жылғы түлектерге ақ жол!