А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ-де «Жаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 3 шілдеде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Жаңа Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға институт ректоры Н.Т. Ныгыманова, проректорлар, бөлім басшылары және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында айқындалған стратегиялық басымдықтар және олардың жоғары білім мен ғылым саласына әсері талқыланды.

Институт ректоры Н.Т. Ныгыманова 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның 1 шілдеден бастап күшіне енгенін атап өтіп, онда алғаш рет адам капиталы, білім, ғылым және инновация мемлекеттің стратегиялық даму бағыты ретінде бекітілгенін айтты. Сондай-ақ бұл өзгерістер институттың даму стратегиясын жаңғыртуға негіз болатынын жеткізді.

Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор С.А. Ескалиев жаңа Конституцияның білім мен ғылымға негізделген экономиканы қалыптастырудағы маңызына тоқталды.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметов жаңа Конституциядағы дін, тарихи-мәдени мұраны сақтау, адам құқықтары және Құрылтай институтының рөліне тоқталса, кафедра меңгерушісі А.С. Макипов білім, ғылым және инновацияның ел дамуының негізгі үш тірегі екенін атап өтті.

Үздіксіз білім беру институтының бастығы Р.Р. Жаева өмір бойы білім алу, кәсіби құзыреттілікті дамыту және білім мазмұнын жаңартудың қазіргі еңбек нарығындағы маңызын атап өтті.

Сапаны қамтамасыз ету және кәсіби құзыреттер бөлімінің бастығы Б.Қ. Акшулакова педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру орталықтарының ашылуы, ғылым, білім және өндіріс интеграциясы мен өңірлік ғылымды қолдау тетіктері еліміздің ғылыми әлеуетін дамытуға жаңа серпін беретінін айтты.

Талқылау барысында қатысушылар «Әділ азамат» пәнінің білім беру бағдарламаларына енгізілуі, еңбек нарығы талаптарының өзгеруі және Қазақстан Республикасының азаматтығына қатысты жаңа конституциялық нормалар жөнінде пікір алмасты.

Дөңгелек үстел қорытындысында жаңа Конституцияның адам капиталын, ғылым мен жоғары білімді дамытуға берік құқықтық негіз қалыптастыратыны және жоғары оқу орындарының елдің тұрақты дамуындағы рөлі мен жауапкершілігін күшейтетіні атап өтілді.

Прокрутить вверх