Ректорға сұрақ

Сұрақ: Сәлеметсіз бе, мен 4 курс жетекшісімін. Біз ҰБТ-ны қашан тапсырамыз?

Жауап: Сәлеметсіз бе!

Ағымдағы оқу жылының педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларының жоғары оқу орындарының түлектері 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) тапсыруы тиіс.

Тапсыру үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында алдын ала тіркелу қажет.

Тіркеу мерзімі туралы біз сізге қосымша түрлі мессенджерлер арқылы хабарлайтын боламыз.