Ректорға сұрақ

Сұрақ: Қайырлы күн, көп балалы отбасылардың балалары үшін жеңілдіктеріңіз бар-жоғын білуге болады ма? Алдын-ала рақмет.

Жауап: Қайырлы күн, сұрақ үшін рахмет.  ЕАГИ-де келесі жеңілдіктер жүйесі қарастырылған:

  • біздің институтта бір отбасынан шыққан екі және одан да көп студенттерді оқыту кезінде оқу ақысына 10% жеңілдік алуға болады;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге – 10%, жетім балаларға – 20%;
  • әрбір талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуден немесе кешенді тестілеуден өткені туралы сертификат және жеке іс материалдары негізінде институттың білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатыса алады;
  • оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі қарастырылған, төлем бөліп-бөліп жүзеге асырылуы мүмкін: ай сайын, тоқсан сайын және т. б.