№59 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру

2023 жылғы 19 қаңтарда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Б.А. Баймамыров пен Ж.Д. Дәулетханова №59 мектеп-лицейінің бітіруші сынып оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.

Кездесу аясында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында оқудың артықшылықтары мен перспективалары, оқуға түсу ережелері, өту балдары, ректордың білім беру гранты мен жеңілдіктері, тәжірибе мен жұмысқа орналасу туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ білім беру бағдарламалары бойынша қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.