Ағылшын тілінде сөйлеу клубындағы онлайн кездесу

2020 жылдың 10 қарашасында шетел тілдері кафедрасы ZOOM алаңында шетел тілдері кафедрасының оқытушысы А.Н. Умуткулованың, шетел тілдері кафедрасының студенті С.А. Садуованың жетекшілігімен «English speaking club» ауызекі ағылшын тілі клубының отырысын өткізді. Кездесуде «The thing you appreciate most» / «Сен нені бәрінен де жоғары бағалайсың» тақырыбында талқылау болды. Клуб мүшелері клуб отырысына белсенді қатысты.