Ағылшын тілінде сөйлеу клубының отырысы

2021 жылдың 8 желтоқсанында ағылшын тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы өтті. Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. А.М. Сарсенова жетекшілігімен ИЯ-18-02 академиялық тобының студенттері Болатов Айым, Жаксылыкова Диана 6В01704 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында 1 курс студенттері БҰҰ тарихымен және халықаралық қарым-қатынастың жаһандық мәселелерінде түсінікті және нақты коммуникацияны қамтамасыз ететін БҰҰ ресми тілдерінің маңызды рөлімен танысты.