«Академиялық адалдық» тақырыбында кураторлық сағат өтті

2022 жылдың 24 қарашасында Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс фиологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.м., А.Қ. Нұрбанова «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы ҚТ-22-01 тобының студенттеріне  «Академиялық адалдық» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, адалдық, әділдік, парасаттылық және отансүйгіштік сияқты құндылықтарды қалыптастыру болып табылды.

Кураторлық сағатта студенттерге парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды. Кураторлық сағатта студенттер өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.