Аккредиттеу 2017

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің Аккредитациялық кеңесінің 2017 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен Еуразия гуманитарлық институты мамандандырылған аккредиттеуден 5 жыл мерзімге өткен болып танылды.

Еуропалық стандарттар және сапаны қамтамасыздандыруға арналған нұсқаулықтарға (ESG) сәйкес келесі білім беру бағдарламалары аккредиттелінді:

  • 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
  • 5В010300 – «Педагогика және психология»
  • 5В011400 – «Тарих»
  • 5В030100 – «Құқықтану»
  • 5В050900 – «Қаржы»

Еуразия гуманитарлық институты оқытушылары мен студенттерін лайықты жетістіктерімен, біздің бірлескен қызметіміздің жоғары бағалануымен құттықтаймыз!

Профессорлар-оқытушылар құрамына, барлық ұжым мен студенттерге кәсіби және оқу қызметінде жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!