Алғыс айту күні

2021 жылдың 22 ақпанында МДТ-19-01, МД-19-01, БО-19-01 академиялық топтарының студенттері (кураторы педагогика магистрі, аға оқытушы С.М. Омарова) Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізді.

2016 жылдан бастап Қазақстанда жаңа мереке – Алғыс айту күні пайда болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылдың сәуір айында ҚХА-ның 20 жылдығын мерекелеу аясында «ел халқы бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге жер аударылған жылдары төзімділік пен қонақжайлылық үшін алғыс білдіре алады» деген бастама көтерді.