Қалалық ауызша командалық олимпиада

2023 жылғы 15 наурызда Астана қаласы № 52 мектеп-гимназиясы базасында “Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, Н.А.Оразахынованың “Сатылай кешенді оқыту” технологиясы зертханасы мен Амангелді Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты бірлесіп «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында қалалық ауызша командалық олимпиада өткізді.

Олимпиаданың ұйымдастыру жұмысына кафедра доценті, филология ғылымдарының кандидаты Л.Н.Дәуренбекова, философия докторы (PhD), доцент М.Аманғазықызы мен қазақ және орыс философиясы кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент А.Е.Алимбаев қатысты.