«Алаш ұландары»

2015 жылғы 14 желтоқсан күні Еуразия гуманитарлық институтында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнап «Алаш ұландары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өзінің алғысөзінде ЕАГИ проректоры, т.ғ.д., профессор Қадыр Әбілжанұлы Ахметов өткен тарихтан деректер келтіріп, Тәуелсіздік жылдары тарихына шолу жасады. Көркем фильмдер мен Алаш зиялылары туралы сөз қозғалған дөңгелек үстелге оқытушылар құрамы және «Тұран» ғылыми-тарихи үйірмесінің мүшелері мен осы үйірменің қабырғасын қалаған алғашқы өкілдері институтымыздан түлеп ұшқан тарих мамандығының студенттері баяндама жасады. «Поэзия, менімен егіз бе едің?» жас ақындар клубының жас қаламгерлері сиясы кеппеген «Желтоқсан ақиқаты» атты жыр-шумақтарын оқыды. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы әр қашан көкте желбіреп, әнұранымыз әрқашан шырқала берсін.