Алаш рухының асқақ мерекесі!

2025 жылғы 25 сәуірде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 30 жылдығы аясында қазақ халқының ұлы тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Садуақасұлының туғанына 125 жыл толуына арналған “Алаш жастарының “Жас азамат” газеті мен ұйымы” тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кештің құрметті қонағы — филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, “Қазақ газеттері” ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы қатысып, тарихи маңызы зор мазмұнды баяндама жасады.

Шара барысында Алаш ұрпағының тәуелсіздік жолындағы қызметі мен “Жас азамат” газетінің ұлттық сана қалыптастырудағы рөлі тереңінен сараланды. Қатысушылар ұлт тарихының асыл құндылықтарымен сусындап, Алаш ардақтыларына деген құрметтерін білдірді.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға рухани серпін сыйлады!