Алматы қаласы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы конференция

2022 жылғы 9 қарашада Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында сыншы, аудармашы Қалжан Нұрмахановтың 95 жылдығына орай ҚР Жазушылар одағының ұйымдастыруымен конференция өтті. Қаламгер жөнінде жазылған «Ерте сөнген жұлдыз» атты естеліктер мен мақалалары жинақталған кітаптың тұсауы кесіліп, Қ.Нұрмаханов туралы естеліктер, аудармашылық шеберлігі жөнінде тұшымды пікірлер айтылды. Жиынға кафедра доценті, филология ғылымдарының кандидаты Лаура Ноғайбекқызы Дәуренбекова қатысып,  «Қ.Нұрмаханов – аударма сыншысы» тақырыбында баяндама жасады.