«Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған практика бойынша нұсқаулық конференция

2021 жылдың 27 желтоқсанында «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасында ZOOM платформасында «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған нұсқаулық конференция өтті.

Конференция барысында практика жетекшілері профессор Г.Д. Тажбенова, доцент Б.Б. Мажитова және аға оқытушы Ж.Д. Дәулетханова студенттерге практика барысы, өткізу нысаны, практика базалары және есептік құжаттаманы толтыру ерекшеліктері туралы айтып берді. Студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.