Қаржыгерлер күніне орай ашық дәріс өткізілді

16 қарашада экономика және құқық негізі пәні бойынша Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.м. Кожахметова А.Г. ШТ-22-01, АI-22-01 топтарында «Ақшаның адам өміріндегі маңызы» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәрісте ақшаның түрлері, қызметтері, қажеттілігі тақырыбына интеллектуалды ойындар ойнатылып, түрлі тапсырмалар орындалды. Дәріс барысында студенттер белсенділік танытты.