«Аударма саласындағы IT» тақырыбында онлайн семинар

2022 жылдың 1 ақпанында шетел тілдері кафедрасында «IT аударма ғылымында» тақырыбында вебинар өтті. Спикер ретінде «Армада» аударма орталығының жетекшісі Е.А. Бочаров сөз сөйледі. Вебинарға кафедра оқытушылары А.О. Альжанова, К.В. Мельнова, Н.В. Никульшина, Н.Л. Сулатецкая, сондай-ақ қазіргі уақытта оқу практикасынан өтіп жатқан «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері (ПД-20-01 академиялық тобы) қатысты.  Іс-шараға қатысушылар қызықты және пайдалы ақпарат алды, спикерге өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.