Қазақстан халқы тілдерінің апталығында «Тіл – ұлттың жаны» атты өзге ұлт өкілдері арасындағы танымдық сайыс өтті

2015 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІ қалалық фестивалі аясында өткізіліп жатқан «Тіл – ұлттың жаны» өзге ұлт өкілдері арасындағы қазақ тілінен танымдық сайысы өткізілді. Сайысқа Еуразия гуманитарлық институтының «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Аударма ісі», «Педагогика және психология», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері қатысушы ретінде де, көрермен ретінде де белсене қатысты. Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушылары А.Т. Сандыбаева мен А.Қ. Нұрбанова осы шараның ұйымдастырылуына жауапты болып, танымдық сайыстың мәнді де қызықты өткізілуін қамтамасыз етті.

Сайыс қорытындысы бойынша, ПМНО-15-01 тобының негізінде құралған «Эврика» тобы топ жарып, жеңіске жетті. Екінші орынды ПД-14-01 негізінде құралған «Отаншыл» тобы иемденсе, үшінші орынды ИЯ-14-01 негізінде құралған «Достар» тобы алды.

Мемлекеттік тілді насихаттау және өзге ұлт өкілдерінің тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген аталмыш шараға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Ержан Таңжарық қатысып, екі тілді арнауымен және әсем әнімен әрлендірді, сөйтіп көрермендердің көңілін бір сергітіп, қызығушылықтарын арттыра түсті.

Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары Р.Н. Кемеңгеров, Г.Е. Абылова, А.Е. Алимбаев сайыстың әділ төрелігін берді.