Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кураторлық сағат

2021 жылдың 13 желтоқсанында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының кураторлары Ж.Д. Даулетханова және А.Ж. Тажигулова «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Тәуелсіздік – ел мерейі» атты кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты оқушылардың зияткерлік деңгейін арттыру, туған ел тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту, патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.