«Қазақстанның кәсіби әлеуметтік қызметкерлерінің ұлттық альянсы» ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсының қысқы мектебі

2021 жылының 21-23 желтоқсан күндері педагогика кафедрасының аға оқытушылары Турманова Ж.Е., Болатбекова Н.Ж.  Тәжікстандағы «Caritas Germany» ұйымының қолдауымен «Қазақстанның кәсіби әлеуметтік қызметкерлерінің ұлттық альянсы»ұйымдастырған қысқы мектепте біліктілікті арттыру курсына қатысты.Қысқы мектептің мақсаты-жоғары оқу орындары мен колледждердің ПОҚ-ын, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы қауымдар деңгейінде оңалту құрылымдарын шоғырландыру болды. Сонымен қатар, гуманитарлық ғылыммен, оның ішінде қолданбалы психологиямен бірге әлеуметтік жұмысты оқытуды кәсібилендіру жайында пікірлермен алмасты.