«Қазіргі заман қаржысы 360» халықаралық онлайн олимпиадасы

2022 жылғы 30 қарашада «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері «Тұран» университетінің (Алматы қ.) 30 жылдығы аясында ұлттық валюта күніне арналған «Қазіргі заман қаржысы 360 халықаралық онлайн  олимпиадасына қатысты.

Олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша «Digital finance» Еуразия гуманитарлық институтының командасы (оның құрамында «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері Қ. Смағұл, Г. Абдибекова, М. Малютина) «Бірегей жоба» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Жоба жетекшілері: магистрлер, аға оқытушылар Ж.Д. Дәулетханова, Б.А. Баймамыров.