«Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы қиындықтар» пәні бойынша ашық сабақ

2022 жылдың 18 сәуірінде педагогика кафедрасының доценті И.А.Тобагабылова НО-19-01 академиялық тобында (білім беру бағдарламасы 6В01303 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі) «Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы қиындықтар» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ кластер, жұппен жұмыс, оқыту тренингтері және «квест-тапсырмалар» сияқты оқытудың интерактивті әдістері пайдаланылып өтті. Сабақтың қонақтары педагогика кафедрасының оқытушылары және 6В01205 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері болды.