Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы жұмысы бойынша Ақпарат

Еуразия гуманитарлық институтында Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – БАҚКО) жұмыс істейді. БАҚКО ЕАГИ-де оқу үдерісінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығын дамыту, сервистік қызметтерді оңтайландыру, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбейтін орта құру мақсатында құрылды.

БАҚКО көрсетілетін қызметтердің жергіліктілігін қамтамасыз етеді.

БАҚКО қызметтерін тұтынушылар ЕАГИ білім алушылары болып табылады.

БАҚКО негізгі міндеттері:

– білім алушыларға сапалы қызмет көрсету арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша жедел және сапалы қызмет көрсету;
– білім алушылардың сұрауы бойынша ақпаратты уақытында ұсыну (БАҚКО өкілеттігі шеңберінде);
– кеңес беру арқылы академиялық мәселелерде білім алушыларды қолдау;
– ЕАГИ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылық көріністерін жою үшін жағдай жасау.

БАҚКО қызметінің негізінде студентке бағдарланған тәсіл жатыр, оған сәйкес қызметтің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

– білім алушылардың қажеттіліктерін терең түсіну және қанағаттандыру;
– сапасы білім алушылардың күткеніне сәйкес келетін қызметтерді іске асыру;
– білім алушылармен өзара құрметке негізделген тиімді өзара әрекеттесу;
– ашық қарым-қатынасқа дайындық;
– білім алушылардың өзгеретін сұраныстарына қатысты ұйымның икемділігі;
– білім алушылар үшін жайлы психологиялық жағдай жасау;
– қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс.

БАҚКО мамандары офис регистратор қызметімен бірлесіп келесі қызметтерді көрсетеді:

– білім алушылардан өтініштерді қабылдау және тіркеу;
– білім алушыларға, оқытушы-педагогикалық құрамға және басқа да мүдделі тұлғаларға кеңес беру;
– оқу орнынан анықтамалар беру;
– өз қалауы бойынша оқудан шығару;
– пәндерді, кредиттерді қайта есептеу;
– ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде оқыту;
– тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру бойынша құжаттарды ресімдеу;
– ауыстыру және қалпына келтіру және т. б.

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма – сағат 9.00-17.00
Сенбі-жексенбі – демалыс күндері
Түскі үзіліс – сағат 13.00-14.00

Қызмет телефоны – 8(7172) 56-21-71

Өтінім беру жөніндегі нұсқаулық