Білім беру процесін инновациялау және цифрландыру жағдайында

2020 ж. 9-18 қаңтар аралығында Еуразия гуманитарлық институтында «Қазіргі педагогикалық технологиялар» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарды Назарбаев Университетінің ассистент-профессоры, п.ғ.к. З.Н. Жұматаева өткізді.

Тренинг негізінен интерактивті түрде өтті, семинарға қатысқан оқытушылар оқытудың заманауи инновациялық технологияларының жұмыс істеу тәсілдерімен (Quizlet, Socrative, Peergrade, Playposit) танысты. Сондай-ақ, семинарда практикалық және пәнаралық бағыттағы STEAM көрсетілді.

Семинарға қатысушылар мақсаты инновациялық технологияны меңгеру және оқу үрдісінде одан әрі белсенді қолданылуы болып табылатын семинар-тренингті өткізудің тиімділігін атап өтті. Барлық семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.