Білім мазмұнын жаңарту аясындағы жаңа педагогикалық технологиялар

Еуразия гуманитарлық институты мен «Өрлеу» Ұлттық үздіксіз біліктілікті арттыру орталығы арасындағы ынтымақтастық аясында 2020 жылдың 20 қаңтарынан 31 қаңтарына дейін ЕАГИ оқытушылары үшін PhD докторы С.Каупенбаеваның жетекшілігімен «Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

Орта білім мазмұнын қайта бағалау барысында оқытудың жаңа әдістері мен технологияларына деген қажеттілік пайда болады, сол себепті курс шеңберінде интерактивті түрде жобалау әдісін, түрлі тренингтерді және т.б. қолдана отырып өткізілді.

Біліктілікті арттыру курсы барысында жоғары оқу орындарында инновациялық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасылды.

Соңында біліктілікті арттыру курсының барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.