«Бірінші Құсайынов оқулары: «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2022 жылдың 9 желтоқсанында сағат 10:00-де Еуразия гуманитарлық институтында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Қазақ Білім академиясының академигі, қоғам қайраткері Амангелді Құсайыновты еске алуға және туғанына 80 жыл толуына арналған «Бірінші Құсайынов оқулары: «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзіледі.

Амангелді Құсайынұлы саналы ғұмырын еліміздің оқу-ағарту және ғылым саласына арнады. Өзінің еңбек еткен жылдарында көптеген дарынды басқарушылар, ізбасарлар мен ғалымдарды тәрбиеледі.

Жоғары мектептің ірі ұйымдастырушысы, белгілі ғалым, академик А.Қ. Құсайынов Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымының дамуына елеулі үлес қосқаны сөзсіз.

Конференция мақсаты: ғылым мен білімді дамытудың өзекті мәселелері бойынша кең ауқымды талқылау, қазіргі жағдайда гуманитарлық білім беруді дамытудың перспективалық бағыттарын белгілеу.

Конференция жұмысына Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Ресейден 200-ден астам ғалым қатысады (Астана, Алматы, Қарағанды, Болу, Бішкек, Мәскеу және т.б.).

Конференция А.Құсайынов туралы видеофильмін көрсетуден және «Абырой жолы» кітабының тұсау кесуімен басталады.

Конференция жұмысы келесі ғылыми бағыттар бойынша өтеді: қазіргі жағдайда педагог кадрларды кәсіби даярлау, психология және педагогика: ХХІ ғасырдағы ғылымдардың интеграциясы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі даму тенденциялары: құндылықтар, үрдістер мен инновациялар, лингвистиканың, әдебиеттанудың және аударматанудың өзекті мәселелері, құқық және қазіргі экономика: дамудың жаңа сын-қатерлері мен перспективалары. Секциялар жұмысы барысында ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен бағыттары бойынша педагогика және психология, тарих, әлеуметтану, философия, тіл және әдебиет мәселелері, шетел филологиясы және аударма ісі, халықаралық қатынастар және аймақтану, құқық, менеджмент, экономика және қаржы саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері баяндалады.

Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы шығарылады.

ЕАГИ ұйымдастыру комитеті