ЕАГИ-де «Антитеррористік қауіпсіздіктің негіздері» тақырыбында дәріс өтті

2025 жылғы 5 қараша күні А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Антитеррористік қауіпсіздіктің негіздері. Террористік акт жасау қаупі төнген жағдайда іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында офлайн дәріс өтті.

Дәрісті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, антитеррористік қауіпсіздік саласының сарапшысы Зикенов Бауржан Ботаевич жүргізді.

Іс-шараға институттың 250-ден астам студенті қатысты. Дәріс барысында қатысушылар терроризмге қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерімен, террористік қауіптердің түрлері мен белгілерімен, жарылғыш құрылғыларды анықтау тәсілдерімен және төтенше жағдайда әрекет ету тәртібімен танысты.

Сонымен қатар дәріс аясында тақырыпқа сәйкес танымдық фильм көрсетілді, ол қатысушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және антитеррористік дайындықтың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, «Заң және тәртіп» идеологемасын насихаттау, сондай-ақ төтенше жағдайларда дұрыс және жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болды.