ЕАГИ-де көшпелі көрнекі сот

2016 жылдың 31 наурызында Еуразия гуманитарлық институтының Конференц-залында мамандандырылған әкімшілік соттың төрешісі Аркабаева К.Ж., Астана қаласының Алматы ауданы прокуратурасының өкілі Мустафин К., Алматы ауданы ІІБ-ның жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айшыбеков А.А., БАҚ-тың өкілдері және институттың оқытушылары мен студенттері қатысқан көшпелі көрнекі сот өтті. Соттың қарайтын ісіне, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексімен қарастырылған, әкімшілік құқықбұзушылық болып табылатын, ұсақ бұзақылықтар алынды. Көрнекі сот үдерістері біздің қаламызда, жастардың құқықтық білім алуларына бағытталған, дәстүрлі алдын алу шаралары болып табылады. Көрнекі үдерістің ең маңызды мақсаты – ол студенттерге жазаның қолданылмай қалмайтындығы туралы принципінің жұмысын көрсету.