ЕАГИ-де «Ұлттық диктант» өтті
2025 жылғы 5 қараша күні А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен жалпыреспубликалық мәдени-ағартушылық жоба — «Ұлттық диктант» өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіру, сондай-ақ ұлттық бірегейлік пен тіл мәдениетін нығайту болып табылады.
Қоғамдық бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған бұл маңызды жобаға институттың студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысып, мемлекеттік тілге деген құрметін және азаматтық жауапкершілігін көрсетті.






















