ЕАГИ-де педагогикалық олимпиада басталды

2016 ж. 19-20 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтында педагогика кафедрасы үшінші педагогикалық олимпиаданы өткізіп жатыр. Олимпиадаға «Педагогика және бастапқы оқыту әдістемесі», «Педагогика және психология», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 1-3- курс студенттері қатысты. Бүгін І туры басталды. Онда барлық қатысушылар «Педагогика» пәні бойынша тест тапсырады.