ЕАГИ-де Студенттік Парламент Президентінің сайлауы өтті

2023 жылғы 10 наурызда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Студенттік Парламент Президентінің сайлауы өтті. Біздің ЖОО-ның кез келген студенті сайлауға қатысу үшін өз кандидатурасын бере алды. Кандидаттарды қолдауға және оларға дауыс беруге алғашқылардың бірі болып ЕАГИ ректоры А.Ж. Исмаилов, проректорлар, декан, тіркеу бөлімінің бастығы, деканның орынбасары, кафедра меңгерушілері, ЖІК төрағасы, сондай-ақ белсенді студенттер келді. Күні бойы үміткерлерге ЕАГИ қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері дауыс берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Салимжуаров Гани жеңіске жетті. Құттықтай отырып, сәттілік тілейміз!