ЕАГИ-де Студенттік Парламенттің Президентін сайлау өтті

2022 жылдың 11 наурызында Еуразия гуманитарлық институтында Студенттік Парламенттің Президентін сайлау өтті. Біздің ЖОО-ның кез келген студенті сайлауға қатысу үшін өз кандидатурасын ұсына алды. Кандидаттарды қолдауға және оларға дауыс беруге ЕАГИ қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері келді. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Абильдина Айгерім жеңіске жетті. Құттықтаймыз және табыс тілейміз!