ЕАГИ-де жатақханада тұратын студенттердің жиналысы өтті

2022 жылдың 14 ақпанында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, декан Т.Н. Кемайкина, деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Д. Кохович, тіркеу бөлімінің бастығы Қ.Т. Байжұманова, жатақхананың педагог-тәрбиешісі Б.Т. Сұлтанова, дәрігер Г.К. Темірова, ЕАГИ медицина қызметкері С.С. Рахметова, жатақхана коменданты Г.У. Дүтбаева, ЖІК төрағасы А.Ш. Шәкенованың қатысуымен жатақханада тұратын студенттер жиналысы өтті..

Студенттерге құқықтары мен міндеттері, жатақханада тұру ережелері түсіндірілді; оларға тәрбие жұмысының негізгі бағыттары ұсынылды; оларға санитарлық-эпидемиологиялық режим регламенті және оны сақтау қажеттілігі туралы, ревакцинациядан өту туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, студенттерге өткізу режимін, тұрмысты ұйымдастыру және ішкі тәртіпті сақтау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді. Одан кейін 4 курс студенті Бердалы Үміт тұрғылықты жері бойынша өндірістік практикадан өту себебінен Жатақхана кеңесінің төрағасы қайта сайланды. Көпшілік дауыспен «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Нусупова Карина студенттік кеңестің төрайымы болып сайланды.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.