«ЕАГИ – денсаулық аумағы»: баскетболдан турнир

2022 жылғы 2 желтоқсанда ЕАГИ спорт клубы, ЕАГИ Студенттік Парламентінің спорт және салауатты өмір салты фракциясы, Жастар істері жөніндегі комитеті Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп Еуразия гуманитарлық институтының студенттері арасында баскетболдан турнир өткізді.

Бірінші орын үшін күресте келесі құрамдағы «Интер» командасы жеңіске жетті.

Екінші орын – «Аспан» командасында.

Үшінші орынды «Авангард» командасы иеленді.

Сондай-ақ, турнир қатысушылары арасында «Турнирдің үздік ойыншысы» номинациясының жеңімпазы анықталды: Хамзин Азамат (ИЯ-21-01 академиялық тобы).

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ ЕАГИ Студенттік Парламентінің спорт фракциясының жетекшісі Сейфуллин Маратқа (ЮК-22-01 академиялық тобы) Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының кубоктары, грамоталары, алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Алдағы уақытта жеңістер тілейміз!