ЕАГИ-дің бірінші курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы мәлімет алды

2016 жылдың 3 қыркүйегінде бірінші курс студенттерінің Еуразия гуманитарлық институтының академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс жөніндегі координаторы, педагогика ғылымдарының магистрі А.Т. Сандыбаевамен кездесуі өтті.

Айгүл Талғатқызы студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы, оның ерекшелігі мен айырмашылығын, сонымен бірге, институттың білім алушыларға беретін мүмкіндіктері жөнінде түсіндірді.

Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу шарттарын, отандық және шетелдік серіктес ЖОО-ның бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды. Кездесу барысында әртүрлі сұрақтар қойылып, қызу және табысты өтті.

Кешті ұйымастырушылардың ойларынша, академиялық ұтқырлық академиялық алмасуға қатысушыларға үлкен келешекке жол ашады. Ал осындай презентациялар студенттердің оқуға, зерттеу жұмыстарына деген ынталарын арттырады.

IMG_2942