ЕАГИ-дің жақсы дәстүрлері

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және 2020 жаңа жыл қарсаңында Еуразия гуманитарлық институтының волонтер – студенттері Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігінің жыл сайын өткізетін қайырымдылық шарасына қатысты.

Қайырымдылық шарасы тыл ардагерлеріне, мүгедектерге, жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетті. Акцияны жедел ұйымдастырудың арқасында 15 желтоқсанда барлық сыйлықтарды Агенттіктің қызметкерлері мен институттың студенттері Нұр-Сұлтан қаласына тапсырды.

2019 жылғы 27 желтоқсанда қайырымдылық акциясына белсенді қатысқаны үшін Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі EAГИ-дің волонтер – студенттеріне алғыс хаттар тапсырды.