ЕАГИ Мұғалімдер күнін атап өтті

2022 жылдың 30 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Конференц-залда жиналған педагогтарға институттың оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметов және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Я.Н. Оспанова сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мұғалімдер күніне орай ЖІК белсенді студенттерінен жылы және шынайы құттықтаулар айтылды. Олар мұғалімдерді жарқын шығармашылық нөмірлерімен қуантып, барлығына ұмытылмас мереке сыйлады.