ЕАГИ Наурызды қарсы алады

2022 жылғы 17-18 наурызда Еуразия гуманитарлық институтында Наурыз мейрамын, көктемгі жаңару мерекесін, халық бірлігін, бейбітшілік пен мейірімділікті, кешірімділікті, жақсылыққа деген үмітті мерекелеуге арналған іс-шаралар өтті. Мереке аясында кураторлық сағаттар, волейбол және «Тоғыз құмалақ» қазақ халық үстел ойыны бойынша спорттық жарыстар, сондай-ақ қабырға газеттері конкурсы өткізілді. Барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.