ЕАГИ оқытушылары мен студенттері ҚАЗГЗУ-нде өткен олимпиадаға және конференцияға қатысты

2016 жылдың 14-16 сәуірі аралығында ЕАГИ-дің мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Ищанова А.У.,Саулен Н., және «Заңтану» мамандығының 3-курс студенті Тугубаев М. ҚАЗГЗУ-ті ұйымдастырған, «Құқық» мамандығы (мамандық: 5В030100-Заңтану, 5В030400-Кеден ісі ) студенттерінің арасында өткен Республикалық пән олимпиадасына қатысты. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 21 жоғары оқу орындарынан қатысушылар қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ал біздің студентіміз Тугубаев М. «Ең үздік спикер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар, Тугубаев М. ҚАЗГЗУ-нде өткен «Ғылымға қадам»атты Республикалық студенттік конференцияға белсенді қатықаны үшін дипломмен марапатталды.