ЕАГИ оқытушылары мен студенттері жоғары білім беру саласында парасаттылық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерттеуге қатысты

2021 жылғы 24-30 қыркүйек аралығында ЕАГИ оқытушылары мен студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы жүргізген ҚР-дағы жоғары білім саласындағы парасаттылық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толық ауқымды тәуелсіз зерттеуге қатысты. Зерттеудің мақсаты қажетті реформалар бойынша ақпараттандырылған шешімдер қабылдау және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлеу болып табылады.