ЕАГИ шетел тілдері кафедрасының студенттері Халықаралық аударма байқауына қатысты

2021 жылғы 30 қыркүйекте Ресей СІМ ММХҚИ Одинцов филиалының ағылшын тілі кафедрасы және Минск мемлекеттік лингвистикалық университетінің мәдениетаралық коммуникациялар факультетінің қазіргі заманғы аударма технологиялары кафедрасы аударма оқытушылары қауымдастығының, кәсіби аудармашылар қауымдастығының және Қазақстанның аударма компаниялары қауымдастығының қатысуымен және аударма дидактикасы мектебінің қолдауымен Н.Н. Гавриленко кәсіби бағытталған аударманың бірінші халықаралық студенттік конкурсын өткізді.

Аталған байқауға шетел тілдері кафедрасының студенттері А. Вагурина (ИЯ-18-01 тобы), Э. Қасымбаев (ПД-21-01 тобы), Т. Уайсова (ПДТ-19-01), И. Карим (ПДК-18-01) және Д. Габдуллова (ПДТ-19-01) қатысып, сертификаттар алды.