ЕАГИ жатақханасындағы дарц спорт түрінен өткен іс-шара

21.03.2019ж. «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы Наурыз мерекесіне орай Еуразия гуманитарлық институтының жатақханасында студенттер арасында экологиялық, дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дарц спорт түрінен студенттер арасында жарыс өткізді.

Жарысқа қатысқан студенттер «Жастар» және «Барыс» командаларына бөлініп, сайыс өткізді. Жарыс шартына сәйкес екі турдың қорытындысы бойынша 150 балл жинаған «Жастар» командасы 1 орынды иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.