Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының апталығы

2022 жылғы 15 қарашада экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының апталығы аясында э.ғ.к., доцент А.А. Ахметованың жетекшілігімен «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері (Ф-19-01 академиялық тобы) «Жоғалған қаржыны іздеуде» қаржылық ертегісін қойды. Таныстыру барысында студенттер әртістік, оқуға креативті көзқарас және қаржы пәндері бойынша тамаша білім көрсетті.