EL JASTARY бірыңғай интернет ресурсы

Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер! Сіздердің назарларыңызға EL JASTARY бірыңғай интернет ресурсы – жастар үшін, сондай-ақ жастар саясатын іске асыруға мүдделі барлық адамдар үшін арнайы құрылған портал туралы ақпаратты жеткіземіз.

Порталда жастар емханаға тіркелуден, ЖОО-ға грантқа түсуден бастап қаржылық сауаттылыққа дейінгі өмірдің түрлі бағыттары бойынша сұрақтарға жауап таба алады. Сондай-ақ, барлық жұмыс істеп тұрған жастар ресурстық орталықтарының өзекті ақпараты мен интерактивті картасы ұсынылды.

Порталдың электрондық мекенжайы: https://www.eljastary.kz/