«Есірткі – ХХІ ғасыр мәселесі» атты кураторлық сағат

2022 жылдың 16 наурызында педагогика кафедрасының кураторы Г.Ж. Рахимжанова ПП-21-01 (6В01102 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы) академиялық тобының студенттеріне ZOOM форматында «Есірткі – ХХІ ғасыр мәселесі» атты кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты – зиянды әдеттермен күресуге бағытталған мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға қатысты жағымсыз ұстанымды өзгерту.