Еуразия гуманитарлық институты «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының ЖООішілік І кезеңін жариялайды

2020 жылғы қараша айының 1-30 күндері аралығында өтетін жалпы институтішілік конкурсқа оқу орнының штатындағы және кемінде екі жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар оқытушылар қатыса алады. Алғашқы кезеңнің жеңімпаздары республикалық байқауға қатысуға жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін Еуразия гуманитарлық институтының оқытушысы өз құжаттарын мына қағидаларға сәйкес ұсынады:

  • «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысушының өтінімі;
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы» үміткерінің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері;
  • жұмыстардың жылдық жоспар-кестесі.

Сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша сарапшылар тобы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына арналған республикалық байқаудың 2-кезеңіне қатысуға үміткерлерді таңдайды.