Еуразия гуманитарлық институтында «Жастар және қазіргі мемлекет» тақырыбында дебаттық турнир өтті

2022 жылдың 27-28 қыркүйегінде ЕАГИ Студенттік парламентінің дебат қозғалысының фракциясы, Жастар ісі жөніндегі комитет Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен және «Есірткісіз болашақ» КҚ бірлесіп «Жастар және қазіргі мемлекет» тақырыбында дебат турнирін өткізді. Пікірталас өткізудің мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сыни ойлау мен шешендік шеберлік дағдыларын қалыптастыру болып табылды.

Қазақ лигасының дебат турнирінің жеңімпаздары болып келесі қатысушылар:

1-орын – Қуанышова Іңкәр (ШТ-22-01 академиялық тобы) және Қанат Арай (АІ-22-01 академиялық тобы);
2-орын – Каржасова Сара (ЮК-21-02 академиялық тобы) және Ауганбай Жандаулет (Т-22-01 академиялық тобы);
3-орын – Бейсен Сапар (ШТ-22-01 академиялық тобы) және Амирханова Гульмира (ҚТ-22-01 академиялық тобы) танылды.

Орыс лигасында орындар келесідей бөлінді:

1-орын – Найдёнова Даяна (ИЯ-22-01 академиялық тобы) және Нургалиева Анжани (ИЯ-22-01 академиялық тобы);
2-орын – Усманханова Лолахан (ИЯ-22-01 академиялық тобы) және Карымшакова Медина (ПД-22-01 академиялық тобы);
3-орын – Аблаев Темирлан (ИЯ-21-01 академиялық тобы) және Сулейменов Рахман (ЮР-20-01 академиялық тобы).

Дебат турнирі аяқталғаннан кейін түрлі номинациялардағы үздік ойыншылар анықталды:

  • «Үздік төреші» – Русланқызы Фарида (ҚТ-21-01 академиялық тобы); Хамзин Азамат (ИЯ-21-01 академиялық тобы);
  • «Үздік спикер» – Қанат Арай (АІ-22-01 академиялық тобы), Нусупова Карина (ИЯ-21-01 академиялық тобы).

Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының алғыс хаттарымен:

  • дебат турниріне қатысқаны үшін: Нуркеев Алмаз (Ф-21-01 академиялық тобы), Салимжуаров Гани (ЮР-20-01 академиялық тобы), Әлімхан Бақдәулет (ЮР-20-01 академиялық тобы), Ергалиева Ая (ИЯ-21-01 академиялық тобы);
  • пікірсайыс турнирін ұйымдастырғаны және өткізгені үшін: Абильдина Айгерим ЖІК төрағасы (ЮҚ-19-01 академиялық тобы), ЕАГИ студенттік Парламентінің пікірсайыс қозғалысы фракциясының жетекшісі Харченко Юлия (ИЯ-21-01 академиялық тобы) марапатталды.

Қорытындылау рәсімінде тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Ярослава Николаевна Оспанова жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, бағалы сыйлықтар, Астана қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамоталарын табыс етті, сондай-ақ турнирдің барлық қатысушыларына алғыс айтып, бүгінгі таңда жастар үшін өз көзқарасын дәлелдей білу, заңнаманы білу, логикалық тұрғыдан өз позицияңызды құра білу және жетістікке жету маңызды екенін атап өтті!