Еуразия гуманитарлық институтының студенттері елордадағы қоғамдық-саяси ахуал бойынша қашықтықтан әлеуметтік зерттеуге қатысты

2021 жылғы 10-12 қараша аралығында Еуразия гуманитарлық институтының студенттері Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған Астанадағы қоғамдық-саяси ахуал, оның ішінде жастар арасындағы өзекті мәселелер бойынша қашықтықтан әлеуметтік зерттеуге қатысты.